Ақтаулықтар жағалауда жаңбыр шақыру рәсімін өткізді

393
Ақтауда 15-шағынаудандағы амфитеатр алдындағы алаңға 2000-нан астам адам жиналып, бірге намазды оқыды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Лада сайтына сілтеме жасап. 

Іс-шараны өткізуге Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, облыстық Бекет-ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов бастамашы болды.

Әнуар Елжановтың айтуынша, "Тасаттық" рәсімін өткізуді жергілікті фермерлер мен жер иеленушілер сұраған.

"Мұхаммед пайғамбардың кезінде адамдар қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен", - дейді ол.


Имам Маңғыстауға жер, мал, өсімдіктер үшін дәл қазір жаңбыр қажет екенін айтты.


Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына рәсімді өткізуге рұқсатты өңір басшысы берді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.