Қызылорда облысында тұрғынның көлігінен есірткі табылды
346
Қызылорда облысында тұрғынның көлігінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
16 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Шымкент – Самара тасжолы, яғни Арал ауданы Шижа ауылы тұсында қызмет атқару барысында 30 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы Nexia автокөлігін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізушіден газет қиындысына оралған шөп ұнтақтары тәркіленді, сараптамаға жолданды.
Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана екені белгілі болды. Күдікті ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен (Есiрткi,психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.