ҚЫЗЫЛОРДАДА КОРОНОВИРУСТЫҢ ЖАҢА ОШАҒЫ ТАБЫЛДЫ

453
Қызылорда облысында 2022 жылы коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 4 748 жетті, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

2020 жылдан бастау алған пандемиямен күрес әлі күнге дейін жалғасын табуда. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясымен 19 жағдай тіркелген. Оның ішінде Қызылорда-14, Қармақшы – 2, Шиелі – 1, Жаңақорған – 2 адам індетке шалыққан. Айта кету керек, анықталған жағдайдың барлығы жаңа ошақ екендігі мәлім етілді.
Бүгінгі таңда COVID-19 ауруы бойынша жалпы әлемдегі ахуал күрделі, бірқатар елде карантин талаптары жеңілдетілгенімен, ауру қайтадан бой көтеруде. Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысы ағымдағы жылдың ақпан айынан бері «жасыл» аймақта болатын.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, 
«Қазіргі таңда облыс бойынша 85 төсек орындық инфекциялық стационарда  – 18 науқас ем қабылдап жатыр. Амбулаториялық жағдайында 42 науқас бақылануда. Жалпы емделіп шыққаны – 23 632 (98%). Реанимациялық төсек-орында ем қабылдап жатырған науқас жоқ.», - дейді Шайымбетов Жангелді Мырзагелдіұлы


Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті тұрғынның I-ші компонентімен  425 853 адам, ал II-ші компонентімен 94,6%-на егілген.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 22 қарашасынан ревакцинация жұмыстары басталып, қазірге 228 265 тұрғын қайта екпе алды.


«Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясының  жыл басынан бері індетке шалдығудың 4745 дерегі тіркелді. Карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін халық арасында вирусқа қарсы екпе алу белсенділігінің төмендегені байқалады. Пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 310 370-ке артты. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймаққа Алматы қаласы енді. Қызылорда облысында шілде айының 11 күнінде барлығы 40 жағдай анықталды, 44 ауру ошағы бар.  Соңғы тәулікте 6 жағдай есепке алынды.»,- деді Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әбдіқайымова Әлия Мүтәліпқызы.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мәліметінше, жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер соңғы уақытта вирус жұқырғандардың 80%-ке жуығы індетке қарсы вакцина алмаған немесе соңғы вакцинадан кейін 6 ай өтіп кеткен адамдардың үлесінде.