Арыстан баб кесенесінде «әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтайтын" молданың видеосы тарады

581
Желіде «әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтайтын, әрі дем салатын молда» жайлы видео пайда болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Көпшілік ол адамды Арыстан баб кесенесінен көргенін айтуда.

Ернінен сүйіп ұшықтау деген бар ма не? ,- деп сұрақ қояды видеоны түсіріп тұрған адам.


 Алайда қашқалақтаған молда «бар» деп кетіп қалады.

Ернінен қалай ұшықтайсыз оны? - дейді.

- Жай ұшықтаймын ғой...,- деді молда.

Мұндай жерде ондай тірлік жасауға болмайды ғой, -деп түсіндіруге тырысады ашулы адам.

Видеоға қарағанда оқиға Арыстан баб кесенесінде болған сияқты. Себебі көне ғимараттың алды аталған жерге ұқсайды.



Видеоны көрген көпшілік:

«Арыстан баб мазары ғой», «Масақара, имам, молдаларға сенуден қалдық қой», «Ернінен сүйгізіп ұшықтатып жүрген әйелдер де сау сиырдың боғы емес», «Дін істері агенттігі қайды?», «Арыстан бабқа экскурсияға жақында бардық, тура осы кісі видеоға түсірме, суретке де түсірмеңдер деген еді. Құран оқыды, ісіне сенбеиін десең алақ жұлақ кіреді, шығады, не әрекет мына тірлігі», деп жазды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.