53 миллионға салынған мұз қалашық еріп жатыр

1 510

Фото: Павлодар қаласындағы қалашықПавлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр. Ал ауа райына қарамай, қыруар қаражатқа тапсырыс берген шенеуніктер сынның астында қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Тұрғындар мұны ысырапқа балап, бюджет қаржысын бей-берекет шашу деп отыр. 

Бюджеттің 53 миллион теңгесіне жасалып жатқан мұз қалашығы күннің күрт жылынуына байланысты еріп жатыр. Жұмысшылар да еңбегіміз еш кетті деп қапалы.

Ертіс жағасында балаларға мұз қалашығы мен сырғанақ жасауды мердігер компания бір апта бұрын бастаған. Бірақ жұмыстың жартысы бітіп, азы қалғанда барлығы ағып, айнала көл болды. 


“Суық жоқ. Суық болса, мынау қатып тұрушы еді. Қазір қар да жоқ. Кірпіштің өзіне қоқыс жабысып, кірленіп жатыр. Ертең ериді, әрине”, – дейді жұмысшылардың бірі.

Павлодар облысының әкімдігі Жаңа жылда қаланы безендіруге бюджеттен 185 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Алайда шенеуніктер мұз қалашығын қалпына келтіруге қосымша қаражат бөліне ме, жоқ па деген сұрақты жауапсыз қалдырды. 


“Ертіс жағасында мұздан қалашық құйылады. Оның құны 53 миллион теңге. Сырғанақ, ертегілердің кейіпкерлері бәрі сол жерде болады. Одан басқа қаланы безендіру үшін 80 млн 500 мың теңге қаржы жұмсалады. Шаһарға шырша қойып, жарқыраған шамдармен безендіреміз”, – деп түсіндіреді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.