Өсімдік майын шығаратын кәсіпорында өрт шықты

1 504

Фото: ©Желі кадрларынанСолтүстік Қазақстанда "Масло-Дел" зауытында ірі өрт сөндіріліп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 23-ші сәуір таңертең басталған. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында "МаслоДел" ЖШС аумағында техногендік өрт шықты. Өрт туралы хабар күнбағыс тұқымын кептіретін қондырғының жануы бойынша таңғы 6:30-да басталған.

Өртті сөндіруге №16 өрт сөндіру бөлімі, сондай-ақ көршілес Айыртау және Шал ақын аудандарының өрт сөндірушілері жұмылдырылған. “Жалпы 35 адам және негізгі 8 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында автоцистерналар, автосаты және жедел әрекет ету көлігі бар. Күшейту үшін қосымша техника тартылған. Ассенизаторлар, жанармай тасығыштар, 30 метрлік жебесі бар кран, тиегіш, манипулятор және Жаңа Есіл станциясынан келген өрт пойызы бар”, - делінген хабарламада. Жарақат алғандар мен өрттің шығу себебі бойынша әзірге толық ақпарат жоқ.