Ақтөбеде полицей 3000 теңге үшін жұмыстан қуылды
263
Ақтөбе тұрғыны Instagram желісінде полицейдің әпкесіне 3000 теңге аударғанын айтты. Арыз түскен соң тәртіп сақшысы жұмыстан қуылды. Ол өз қызметін қалыпқа келтіру туралы талап қойғанымен, арызы қыблданған жоқ,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Ақтөбе тұрғынының арызы пайда болды.
Ол өз көлігін тәртіп сақшылары тоқтатып, үш мың теңге алғанын айтқан.
Ақтөбе облыстық ПД аталған жазбаға назар аударып, арызда көрсетілген полицейді анықтады.
Осылайша, үш мың теңгені ер адам тікелей тәртіп сақшыларына емес, олардың бірінің туған әпкесіне аударған болып шықты. Аталған полицейдің үстінен "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ол құқыққорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекеті үшін жұмыстан қуылды.
Кейін пара алу туралы қылмыстық іс тоқтатылды, бірақ қаулыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тікелей айтты.
Полицей қылмыстық істің тергеуі аяқталғанша өзін қызметінен босатуға болмайтынын айтып, бір жылдан кейін сот арқылы оралғысы келді. Бірақ, сот тәртіп сақшысы заңды негізде жұмыстан қуылды деп шешті.