Шенеунік жұмыс істемей тұрған әжетхана үшін сотталды

1 142

Фото: pixabay.comЖетісу облысының прокурорлары аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымы директорының сотталуына қолжеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған. Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Сарқан ауданының прокуратурасымен соталды тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Сот үкімі бойынша, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.








OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.