СҚО-да жүріп бара жатқан көліктен құлап кеткен ер адам көз жұмды
Полицейлердің айтуынша, Toyota маркалы көлік Көкшетаудан Қостанайға бет алған.
Көлік жүргізушісі тынығып алу үшін рөлге әйелін отырғызыпты. Өзі электронды шылым шегіп отырып, құрылғыны абайсызда түсіріп алған. Сосын оны орындықтың астынан ала алмаған соң, есікті ашқан көрінеді.
Ер адам сол кезде сыртқа құлап кеткен. Азаматты дереу ауруханаға жеткізгенмен, жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала алмаған.
"Саумалкөлдегі айналма жолдағы көпірде қайғылы жағдай орын алды. Көлік жүріп келе жатқанда салоннан ер адам құлап кеткен. Оны бірге келе жатқан жолаушылар бірден ауруханаға жеткізгенімен, ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Сән Жұмағазина.