Колледж студенті жарыс кезінде алған соққыдан көз жұмды

1 774

Фото: видеодан скриншот31 наурызда Ақтауда жасөспірімдер арасындағы жарыс кезінде политехникалық колледждің 3-курс студенті ауыр соққыдан көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға Nomad MMA бойынша балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы облыстық жарыста орын алған. Желіде тараған видеодан 17 жастағы студенттің соққыдан кейін құлағанын көруге болады. Оған бірден дәрігерлер көмекке келген. 


Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған деректі растады. Ал марқұм тіркеуде болған “Ясин” емханасының өкілдері жасөспірімнің 2006 жылы туғанын айтты. 


“Емхана демалыс күні жұмыс істемейді. Жарыста жедел жәрдем көмек көрсеткен. Оқиға орнында біздің мамандар болмағандықтан, пікір білдіре алмаймыз. Дегенмен студент Маңғыстау политехникалық колледжінде оқыды, 2006 жылы туған. Біздің емханада тіркеуде тұрған”, – деді емхана қызметкері. 


Маңғыстау облысы Nomad MMA федерациясының өкілдері жедел жәрдем қызметінің бірден келгенін, бірақ студентті құтқару мүмкін болмағанын хабарлады. 


“Жарыс алдында жаттығулар өтінішпен бірге қатысушының дайын екенін растайтын медициналық анықтама ұсынады. Қайғылы жағдай бәрімізді есеңгіретіп тастады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қайғыра көңіл айтамыз”, – деді федерация өкілдері. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.