Ер адам тойға дайындалған қазы мен тойбастарды ұрлап кеткен

1 358

Фото: pixabay.comЖамбыл облысының Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үйлерге түсіп, ұрлық жасаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қолының сұғы бар ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды ұрлаған. 

Сондай-ақ, тағы бір тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адамды ұстады. 

Аталған дерек бойынша үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.