Қару-жарақты заңсыз алып өтудің 25 фактісі тіркелген

1 514

Фото: Федеральная таможенная служба РоссииЖыл басынан бері шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 026 азамат, соның ішінде 2 594 шетел азаматы ұсталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынған, соның ішінде:

25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);

580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халыққа арналған тұтыну тауарлары;

81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Белгілі болғандай, Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілген, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленген.

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.