Ұлытау облысында аурухана бухгалтерлері 5,1 млн теңге жымқырған

1 523

2021-2022 жылдары қайтыс болған адамдарға заңсыз жалақы аударып, өз пайдаларына иемденген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлытау облысы Қаражал қаласының прокуратурасы Жәйрем кентінің ауруханасында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Осы медициналық мекеменің бухгалтерлері Б. және T. 2021-2022 жылдары ауруханада іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға («өлі жандар») заңсыз 5,1 млн теңге аударған.


Әрі қарай жымқырылған қаражатты аталған бухгалтерлер өз пайдаларына иемденген. Бұл факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жүргізген.

«Қаражал қалалық сотының үкімімен (заңды күшіне енді) Жәйрем кенті ауруханасының бухгалтерлері кінәлі деп танылып, оларға бас бостандығын шектеу түріндегі жазалар тағайындалды – 2 жыл және 3 жыл 6 ай мерзімге. Қазіргі уақытта атқарушылық іс жүргізу қозғалып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр», - делінген Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.