Әкімдік тендер жариялап, бюджет қаржысына аяқ киім сүрткіш сатып алған

212

Ақтөбе облысының әкімдігі тендер арқылы 99 мың теңгеге аяқ киім сүрткіш сатып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Облыс әкімдігі "дұшпан аяққа қарайды" деген нақылды мықты ұстанатын сияқты. Белгілі болғандай бұл аяқ киім сүрткіштер әкімдікке келген қонақтар мен делегацияларға арналған. Бастапқыда тендерге 200 мың теңге бөлінген. Дегенмен мердігер компания 99 мың теңге 200 аяқ киім тазалайтын сүрткіш сатып алуға келісіпті. Шенеуніктердің сөзінше, ол сүрткіштерді қонақ келген кезде әкімдікке тиесілі көліктерге салып қояды екен. 


“Делегациялар көп келеді. Шетелдік инвесторлар да көп келіп жатады. Сондықтан ауа райына байланысты машинада сондай тұрады. Бізде қала түгілі, аудандарға шығады. Сосын ол жақта, өздеріңіз білесіздер, шаң”, – деді Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары Тимур Рыскелдин.