Сырдария соты жартыжылдықты қорытындылады

641
Сырдария аудандық сотында 2022 жылдың І жартыжылдығының қорытындылады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қорытынды жиынға сот төрағасы Р.Алдамбергенов, судья, сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері   қатысты.
Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.


Жалпы 2022 жылдың І жартыжылдығында 39 адамға қатысты 34 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 17 іс бойынша 22 адамға үкім шығарылған. 8 адамға қатысты 8 іс тоқтатылған,  8 іс соттылығы бойынша жолданып, 1 тұлғаға қатысты 1 іс прокуратураға кері қайтарылған. 2 жекеше қаулы қабылданған. 


Азаматтық істер бойынша: 
Есепті кезеңде 159 талап қою мен 2 іс түскен.
Барлығы 130 азаматтық іс қаралған. Оның ішінде 16 сот бұйрығы, 54 шешім қабылданып, 53 іс өндірістен тоқтатылған. 5 іс қараусыз қалдырылған және 2 іс соттылығы бойынша жолданған.  3 жеке ұйғарым қабылданған. 
2022  жылдың І жартыжылдығында аудандық соттың өндірісіне 100 әкімшілік құқық бұзушылық іс түскен. Түскен әкімшілік істердің ішінде 98 адамға қатысты 98 іс қаралған. 1 іс соттылығы бойынша жолданған, 83 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 15 адамға қатысты тоқтатылған. Қаралған әкімшілік істер бойынша 3 жеке қаулы қабылданған.
2022 жылдың І жартыжылдығында барлығы татуласу тәртібімен - 3 азаматтық іс,  медиаторлардың қатысуымен 49 азаматтық іс, 10 әкімшілік іс, 8 қылмыстық іс аяқталған. 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.