Қазақстандықтың жеке дерегі коллекторлардан табылды

1 511

Фото: ©Бейнеден алынған скрин20,5 млн халықтың шамамен 16 миллионына тиесілі құпия мәліметтерді заңсыз пайдаланған Жетісу облысындағы коллекторлық агенттіктің жолы кесілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда өткен арнайы операция барысында киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері заңсыз ақпараттық базаны әшкерелеген. Осы жүйе арқылы ұйым жұмысшылары кез келген адамның аты-жөнін, ЖСН нөмірі мен ұялы телефонын кедергісіз тауып отырған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде заңсыз тізімді ұйымдастырып, оны өз мүддесіне пайдаланған 3 күдікті ұсталған. Жұмыс орны мен тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізіліп, жеке деректерді сақтауға арналған көптеген компьютер мен ұялы телефондар тәркіленген. Бұдан бөлек істің мән-жайын толық тексеру үшін тағы бірнеше адам ішкі істер органдарына жеткізілген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бұл құпия ақпараттың нақты қай көзден алынғаны және қалай таралғаны анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.