2 адам кәріз құдығында уланып, ажал құшқан

1 508

Фото:© ДСМЖамбыл облысы Шу ауданында екі адам кәріз құдығына жиналған газдан уланып қаза тапты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат порталы.

Оларды құтқарамын деп көмекке ұмтылған тағы бір қызметкер жансақтау бөліміне жеткізілген. Қайғылы оқиға Шу қаласы ауруханасының ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник тұншығып, жанұшыра көмек шақырған. Оны өтіп бара жатып естіген зертхана қызметкері әріптесін шығарып алу үшін тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп талып қалған. Есінен танып жатқан екі адамды құтқарамын деп көмекке ұмтылған үшінші адам да құдықтан шыға алмай қалған. Оқыс оқиғадан құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігімен, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Толық, жан-жақты және объективті тергеп-тексеру бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады, – деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.