ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАБАҒАН ИТ БАЛАҒА ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН
Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінде жасөспірім балаға азулы ит шабуыл жасаған, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бұрындары көшеде бос жүрген төрт аяқтыларды көре қалса, әй-шайға қарамай атып тастайтын. Бүгінде мұндай үрдіс келмеске кеткен. Бәлкім сондықтан да шығар, қаңғыбас иттердің ауық-ауық болса да көбейіп кетуі қоғамда өзекті мәселе ретінде жиі көтеріліп тұрады. Ал, тиісті сала басшылары күшіне енген жаңа заңды екі қолдап келісіп отырған жайы бар. Кеше кешкісін әлеуметтік желіде мектеп жасындағы балаға төбет иттің төніп тұрған видеосы кеңінен тарады.
Қалада қаңғыбас ит көбейіп кеткенін, оған қарсы қалалық, тіпті облыстық ветеринария саласының мамандары тарапынан ешқандай шара қолданылмай отырғанын айтып, тұрғындар жиі дабыл қағуда. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, сала мамандарының жауапсыздығынан кезбе иттер көбейіп, қазір олар адамға шабуыл жасай бастаған.
Мақсатымыз ит аулауға қатысты мәселеге орай нәтиже шығару. Қаңғыбас иттер қазір адам талап жатыр, олардың көзін жою үшін міндетті түрде адам шығыны болуы керек пе?!
Жалпы қазір иттердің табиғи жолмен көбеюге ұмтылып, шұбырып жүретін кезі. Бұрын екеу-үшеуден жүретін қаңғыбас иттер қазір біріккен. Олар үлкендерді де талаудан тайынбайды. Жауаптылар мұндай иесіз иттердің өмірімізге қаншалықты қауіпті екенін біле тұра, олардың көзін жоймай отыруы түсініксіз...
Бір анығы облысымызда ауланған қаңғыбас иттерді уақытша ұстау орындары жоқ. Оған қаражат қарастырылмаған, питомник салу үшін қомақты қаржы қажет. Егер ауланған итте иесі бар деген белгісі (ошейник) жоқ болса, ит ауланған маңайдағы адамдарға сұрау салынады. Иесі табылмаса, иесіз итке эвтаназия жасалады. Негізінен ит тұрғындар өтініші бойынша ауланады. Өйткені ит не мысық болсын кез келген жануардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар бар. Әрине бала мен адам құқығынан жануарлар құқықығы артық болғанының дәлелі іспетті.
Алайда Қызылорда Облыстық Ветеринария басқармасы тарапынан:
Соңғы уақытта қаңғыбас иттердің қатысуымен болып жатқан талай келеңсіз оқиғалардан әлеуметтік желі арқылы хабардармыз. Оның ішінде әсіресе балалардың бұралқы иттен зардап шеккенін естіп, көріп жүрміз. Ал қоғамда аталған мәселенің көтерілуінде шек жоқ, бірақ нақты іс жоқ. Ал ит жөнінде ақпарат шыға қалса Қызылорда облыстық Ветеринария бөлімі жаттанды жазбасын жазып, жылы жауып қоя салуды жөн санайды. Ал бір бұралқы ит кемінде 7-8 күшікті өмірге әр 3 ай сайын әкелетіні тағы бар. Ит атылса арыз жазатын қоғамдық қорлардың басшылары мен еріктілері айналаға көз жүгіртсе екен дейміз. Ойын баласы бұралқы иттен құтыламын деп тұтылып жатқан жайы бар. Ал шенді шенеуніктер мен ақ жағалы әкім-қарарлар иттің емес адамның құқығын қорғайтын күн туғанын естен шығармаса игі еді.
: