Елімізде 2 мыңға жуық жұмысшы жалақысын ала алмай жүр
203
Елімізде дәл қазір 60 кәсіпорын 1821 қызметкеріне 1 миллиард 240 миллион теңге қарыз, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тізім басында Абай облысы тұр. Өңірдегі компаниялардың жұмысшылары алдындағы берешегі 218 миллион 700 мың теңгені құрапты. Екінші орында – Жетісу облысы. Қарыз көлемі 22 миллион 900 мың. Ал астаналық кәсіпкерлердің қарызы 19 миллион 300 мың теңгеге жетіп отыр.
Мұндай алаңдатарлық деректермен Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов бөлісті.
Оның айтуынша, ведомство өкілдері шетелдік жұмыс күшін тартатын 64 кәсіпорынға тексеру жүргізген. Сөйтіп, көптеген заңбұзушылық анықтапты.
Мәселен, кейбір компаниялар қызметкерлері бір лауазымда бола тұра, шетелдік маманның жалақысын көбейтіп беріп отырған. Енді бірі кәсіби мамандығы бөлек өзге ел азаматына мүлде басқа қызмет ұсынып келген.
Әрі заңсыз жұмысқа тартыпты. Яғни заң талаптарын бұзып, еңбек нарығындағы кемсітушілікке жол берген екен.