Бақытжан Ертаев әскердегі сарбаздар өліміне кімдердің кінәлі екенін ашық айтты

578

Фото:Халық Қаһарманы, Генерал-лейтенант Бақытжан ЕртаевХалық Қаһарманы, Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев соңғы уақытта әскерде жиі болатын сарбаздардың өліміне байланысты пікірін білдірді.

Тіпті бұл жағдайға кімнің кінәлі екенін, әрі тығырықтан қалай шығудың жолына да тоқталған, деп хабарлайды Экспресс К.


Бақытжан Ертаев әскердегі қайғылы жағдайларға байланысты пікірін "Сұрауы бар" бағдарламасында айтты. Генерал соңғы жылдары азаматтық борыштың бұрынғыдай 2-3 жыл емес, 1 жылға қысқарғанына тоқталды. Бірақ соған қарамастан сарбаздардың өлім-жітімі тоқтамай тұрғанына күйініп отыр. Тіпті кімнің кінәлі екенін де жайып салды.


Мұнда барлық кінә командирден. Әрі жергілікті әкімдіктер де жауапкершілікті сезінбейді. Әскерге жіберу жоспарын миларына құйып алған. Жүгіріп жүріп военкоматқа тізім тапсырады, болды. Ары қарай бақылау жоқ. Шапалақтарын ұрысады да, жоғалады,— дейді Ертаев.



Сондай-ақ, генерал бұл жағдайға сарбаздан сәл шені жоғарылары да кірісіп жүргеніне тоқталды. Сұрау тікелей командирден алынатынын білетін арамзалар соның көлеңкесінде осындай қадамдарға барады дейді.


"Менің осыған қатты ашуым келеді. Командир сарбазға әке де, ана да болуы керек. Кейде оның көлеңкесінде өзгелері осындай қитұрқы әрекетке барып жатады. Бұл жағдайда да жауапты командир болып қалатыны сөзсіз. Сондықтан қазір көп адам командирліктен қашып жатыр. Мұны тоқтату үшін реформа керек. Яғни, ол жерде ең алдымен кім болсаң да әрбір опасыздыққа кінәліні шеніне қарамай жазалау керек. Мейлі генерал, мейлі сержант болсын, қатаң жазалау керек. Тіпті бүкіл елге көрсету керек. Білсін. Сол кезде аяқ тартады. Бұл жағдай тоқтайды",дейді генерал.