Qaznews24 паблигінің авторына 7 жылға дейін түрмеге отыру қаупі төніп тұр

1 216

Фото: QazNews2427 ақпанда Алматыда Qaznews24 сатиралық Instagram парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебектің ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті, - деп хабарлайды  "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Сотта авторға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұрғаны айтылды. 27 ақпанда Алматыда Qaznews24 сатиралық Instagram парақшасының әкімшісі Темірлан Еңсебектің ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Еңсебекке араздықты қоздырды деген айып тағылды (Қылмыстық кодекстің 174-бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған). Сот отырысы гибридті форматта өтті. Айыпталушы онлайн қатысса, қалған қатысушылар Алмалы аудандық сотында, судья Серік Кенішевтің төрағалығымен жиналды.


Қылмыстық қудалауға негіз болған – ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге қатысты жарияланған жазба. Онда белгісіз автордың "Йоу, орыстар" атты рэпі қолданылған. 


Айыптау актісінен үзінді:


Еңсебек Т.М. өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін біле отырып, орыс ұлты өкілдерінің ұлттық намысы мен қадір-қасиетін, сезімдерін қорлау мақсатында, 34 мыңнан астам жазылушысы бар аккаунтында “Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге қатаң жауап жазды” атты жазба жариялады… Постқа ұлттық алауыздықты қоздыратын арандатушылық элементтері бар музыкалық композиция тіркелген. Ән мәтінінде орыс ұлты өкілдеріне қатысты бейәдеп сөздер айтылған. Жарияланған видео әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

34,6 мың қаралым

227 пікір

929 лайк

1187 рет аталуы

Прокурордың істі Наурызбай аудандық сотына (Еңсебектің тұрғылықты жері) ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. Адвокат Жанар Балғабаева Еңсебекте биполярлық бұзылу диагнозы бар екенін мәлімдеді.


Адвокаттың оны үйқамаққа ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады. Дегенмен, сот келесі отырыстарға Еңсебектің тікелей қатысуына рұқсат берді. Еңсебек пен оның адвокаты сот процесінің ашық өткенін қалайды.


2021 жылдың мамырында Еңсебек паблигіне байланысты құқық қорғау органдарының назарына түскен. Бұл кезде іс Қылмыстық кодекстің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қозғалғанымен, кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған.

Темірлан Еңсебекке қатысты сот отырысы басталуына жарты сағат қалғанда болмай қалды. Қамауға алынған сатиралық басылымның авторын қолдаған: Алматыда пикетке шыққан белсендіге айыппұл салынды.