Қызылорда облысының әкімі кадрлық өзгерістерге байланысты отырыс өткізді

227

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен  көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымына жаңа басшылар тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі негізінде облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Искаков Олжас Ермекұлы тағайындалды.


«Олжас Ермекұлы – қызметте сатылап өскен білікті маман.  Аймақтың денсаулық сақтау саласымен жақсы таныс, өзекті мәселелердің оңтайлы шешімін табуға әлеуеті жеткілікті, білікті кадр.


Президентіміздің денсаулық сақтау саласындағы нақты тапсырмаларын орындау, халықтың әл-ауқатын көтеру аса маңызды. Бұл ретте, жауапкершілік жүгі ауыр саладағы жұмысына сәттілһік тілеп, облысымыздың денсаулық сақтау саласын тың бастамалар мен жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенім артамыз»,–  деді аймақ басшысы.


Жоғары санатты хирург, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі Абдулла  Шүленбаев әріптесін жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, сәттілік тіледі.


Олжас Искаков 1988 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша бітірген. Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі. Бүгінгі күні Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша өз білімін жетілдіруде.


Еңбек жолын 2013 жылы № 3 қалалық емханада учаскелік дәрігер болып бастап, 2018 жылға дейін осы емханада бөлімше меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2018-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2021 жылдан осы кезге дейін Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарып келді.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен аталған қызметке Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы келді.


Н. Мақұлбеков мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтті. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Шиелі ауданының әкімі қызметтерін атқарды.


Әр жылдары прокуратура саласында тергеуші-стажердан бастап, Қармақшы, Қазалы аудандарының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасында басшылық қызметте болды.


Жаңа қызметіне дейін ол ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы 1968 жылы 27 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген.


1976-1986 жылдары Қызылорда қаласындағы №2 орта мектепте білім алып, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1986 жылы жұмысшы болып бастаған.


-1986-1987 жылдары КРВС автобазасының 2 разрядты слесарі;

-1987-1989 жылдары Қарулы Күштер қатарында отандық борышын өтеді. (Укр ССР Бердянск қаласы, сержант);

-1994-1997 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеушісі;

-1997-1998 жылдары Қызылорда облыстық прокуратураның бөлім прокуроры;

-1998-2000 жылдары Қызылорда қалалық прокурорының көмекшісі;

-2000-2001 жылдары облыстық прокуратураның сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, прокуроры;

-2001 жылдың мамыр-қыркүйек айларында Жалағаш аудандық прокурорының  орынбасары;

-2001-2003 жылдары Қармақшы ауданының прокуроры;

-2003-2006 жылдары Қазалы ауданының прокуроры,

-2006-2010 жылдары Қызылорда облыстық прокурорының кадрлық жұмыстар жөніндегі аға көмекшісі; Тергеу және анықтау заңдылығының қадағалау басқармасының бастығы, қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы;

-2010-2015 жылдары Қызылорда облысы прокурорының орынбасары;

-2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаменті бастығының орынбасары;

-2018-2020 жылдары Астана қаласындағы «JFC COLOS» ЖШС-нің директорының кеңесшісі;

-2020-2021 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;

-2021-2022 жылдың шілде айына дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарған.

-2022 жылдың 15 шілдесінен бастап ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы.