Қонақ алдында даяшыны қорлаған әрекет қоғам назарында

1 518

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы тойлардың бірінде болды делінген видео кеңінен талқыланып жатыр. Видеодан бірнеше адамның даяшыны жерге құлатып, аяқкиімдерін шешіп алғанын көруге болады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, тойда асаба ойын ойнатып, байқауға қатысушыларға әзіл ретінде "даяшының аяқкиімін алып келу" тапсырмасын берген көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, байқауға қатысушылар даяшы қыздың аяқкиімін өзінің рұқсатынсыз, күш қолдану арқылы шешіп алған. Видеодан даяшының жерге құлап, абдырап қалғанын анық көруге болады. 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Көпшілік мұндай “ойындардың” адамдық қадір-қасиет шекарасынан асып кететінін және қызмет көрсетушілерге құрметсіздік таныту екенін жарыса жазған. Кейбір желі қолданушылары даяшының аяқкиімін шешіп алған қонақтарды жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Әзірге шараны ұйымдастырушылар немесе полиция оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.