Заңсыз сыйақы алғандар 3 жылға сотталуы мүмкін

683

Заңсыз сыйақы алғандарға қолданылатын жаза күшеймек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске заңсыз сыйақы алған адамды 3 жылға соттауды ұсынып отыр.


Енді ірі көлемде сыйақы алған адамның мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Одан бөлек, сотталған адамға  3 мың АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салынып, түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, – делінген Ашық НҚА порталына жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.


Қазір заң бойынша мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. 


Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді жоғарыда атап өткеніміздей, заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін.


Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауында болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.