Көршісін “есікке нәжіс жақты” деп айыптаған әйел айыппұл арқалады

1 502

Фото: Gemini көмегімен жасалдыАқтөбе тұрғыны көршісін біреудің есігіне нәжіс жағып кетті дегені үшін қомақты айыппұл төлеген,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер есіктеріне нәжіске ұқсас нәрсе жағылған. Полиция істі қозғағанымен, кім екенін анықтау мүмкін болмағандықтан, істі тоқтатқан.

Дегенмен сол көпқабатты үйдің тұрғындары мұны ортақ чатта талқылаған. Тұрғындардың біріне қонақ келмек болып, бірақ қателесіп басқа пәтердің домофонына қоңырау шалған. Бұл түнгі уақытта болғандықтан, чатта осы мәселе қызу талқылана бастайған. Қонақты күтіп алған әйел кешірім сұрап, мәселе жабылғандай көрінген.

Алайда чаттағы көршілердің бірі кейіннен тағы пікір білдірген. Сол кезде әйел топқа дауыстық хабарлама жіберіп, әлгі көршінің қызы "бәрінің есігін нәжіспен былғаған" деп айыптаған.

Көп ұзамай осы сөзі үшін оған сот алдында жауап беруге тура келген. Себебі көршінің қызы "ешқашан ешкімнің есігін ештеңемен былғамадым" деп мәлімдеген.

Ақтөбенің әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі мұқият тергеді. Көршілерден жауап алынып, сот-медициналық сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттар қаралған. Аудиохабарлама авторы өз пікірін білдіргенін мәлімдеген.

Дегенмен сот оның дәлелдерін негізсіз деп тауып, Ақтөбе тұрғынына ақырында 180 АЕК немесе 778 500 теңге айыппұл салынған.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырған.