Қызметкерлерге медициналық тексерістен өту үшін арнайы уақыт беріледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сенат Қазақстандағы жұмыс берушілерді қызметкерлерге скринингтен өту үшін уақыт беруге міндеттейтін жаңа норманы мақұлдады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Сенат аппаратының басшысы Максим Споткайдың мәліметінше, енді жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өту үшін арнайы уақыт ұсынуға міндеттеледі.
Жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтен өту үшін жұмыс орнын және орташа жалақысын сақтап, арнайы уақыт беруге міндеттеледі. Мұндай демалысты бермеген жұмыс беруші жауапкершілікке тартылады.
Қаз
Рус






