Қиын кезеңде халықпен бірге болмаған әкімдер орнын босатсын деген көпшілік қол жинауда

596

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мәжіліс депутаты Абилфас Хамедов Бердібек Сапарбаевтың зейнетке кетіп, орнын жастарға беруі керек екенін айтты. Оның сөзінше, шенеунік 2016 жылы зейнет жасына толған. Алайда мемлекеттік қызметтегі өкілеттегі президент жарлығымен ұзартылып келеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Былтыр Жамбыл облысына іссапармен барған депутаттар Бердікбек Сапарбаев пен оның орынбасарларын да кездестірмеген екен. Сондықтан өңір басшысы тиісті жұмысты атқармайды деген пікірде қалған. 

Шымкент тұрғындары да қала әкімі Мұрат Әйтеновтың отставкасын талап етіп, петицияға қол жинауды бастаған. Тұрғындар тәртіпсіздіктер кезінде Әйтеновтың халық алдына шықпай, орынбасарларын жібергенін сынға алды. Әрі атқарған жұмыстарына да көңілдері толмайтындарын жеткізген. 

Петицияға әзірге 500-ге жуық адам қол қойған. Алайда бұл туралы Мұрат Әйтеновтің өзі де, орынбасарлары да пікір білдіруге ықылас танытпаған. Тек баспасөз хатшысы телефон арқылы "жалпақ жұрттың бәріне бірдеу жағу қиын" екенін жеткізген. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуін қалап талап  еткендер петиция құрған еді. Алматылықтар да әкімді тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шықпады деп айыптады. Ал Сағынтаев өзінің қаланы бүлікшілерден тазартуға қатысты істердің басы-қасында болғанын айтқан. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.