Қазақстанда әскердегі оқиғаларға байланысты шағым қабылданатын сайт ашылды

286
Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери полициясы армиядағы оқиғалар туралы ақпарат алуға арналған мобильді қосымшасы бар сайт әзірледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
"Пайдаланушылар әскери полиция органдарына электрон форматта орны мен уақытына, тергеу жүргізіуге, сондай-ақ мәлімет толықтығына қарамастан, жасалған немесе жасауға әрекеттеніп жатқан кез келген құқық бұзушылық туралы тікелей хабарламаларды жолдай алады. Сайтта мобильді қосымша барлық Android және IOS құрылғыларына орнатылып, қоса жұмыс істейді. Қосымшаны askeri-senim.kz сайтынан жүктеп алуға болады", - делінген хабарламада.
 
Әскери полиция бас басқармасы мәлімдегендей "Әскери сенім" жобасы армиядағы құқықбұзушылық, хабарламаларды қабылдау, есепке алу және бақылау процесін автоматтандыру, құқық бұзушылықты жасау деректеріне ден қою сапасы мен жеделдігін арттыру және олардан сақтандыру туралы жаңа ақпарат көздерін енгізу мақсатында әзірленді.

Пайдаланушы жеке кабинетте тағайындалған жауапты лауазымды адаммен жасырын хат алмасу, статусы мен жауаптарды қадағалай алады. Өтініш статусының өзгергені, жауапты лауазымды адамның тағайындалғаны және оның жауаптары туралы өзекті деректер электрондық поштаға келіп түседі. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін жеке кабинетте диалогтарды іздеуге және реттеуге болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.