Көлік ішінен аспанға оқ атты деп, 10 тәулікке қамауға алды

1 504

Фото; видеодан скринЕлордада қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері көлік салонында отырып, сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тексеру барысында құқық бұзушының мас күйде болғаны анықталды. 

Ол қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және алып жүру фактісі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды. 

Сот қаулысымен ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жаза қолданылатынын еске салды.