Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның денесінен туысының ДНҚ ізі табылды

336
Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі бойынша сараптама нәтижесі белгілі болды. Марқұм бойжеткеннің денесінен туысы Мұрат Мейірбековтің ДНҚ ізі табылған.

Айта кетейік, Әсел осы сәуірде жұмысқа орналасу үшін Грузиядағы туысы Мұрат Мейірбековке барған еді. Бойжеткеннің өлімінен соң азаматқа "қызды зорлады" деген сырттай айып тағылған болатын. 


Ал Қазақстанда ол "адам саудасымен айналысты" деген күдікпен бірнеше айдан бері түрмеде отыр.


 Айтпаевтар адвокатының айтуынша, енді сараптама нәтижесі қолға тиген соң еліміздің құқық қорғау органы оған "қыз зорлады" деген жаңа айып тағуы мүмкін.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.