Жетісу облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

294

Жетісу облысы Достық стансасы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, ерлі-зайыпты қаза тапты. Олардың 11 жастағы ұлы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay.comЖетісу облысында Toyota Land Cruiser көлігі жол апатына түсті. Салдарынан ерлі-зайыпты қайтыс болып, олардың ұлы ғана аман қалған.


Полиция дерегінше, 2 тамызда Алакөл ауданында жол апаты орын алған. Көлік "Үшарал – Достық" тас жолының 169-шақырымында аударылып қалған. Оны 47 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан.


"Жүргізуші мен оның 43 жастағы әйелі қаза болды. 11 жастағы бала зардап шекті, ол түрлі жарақатпен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.