"Тепкілеп, үстіне секірген": Екі ер адам жігітті соққыға жығып, ақша талап еткен

1 543

Фото: Видеодан скринАтырауда пәтерде екі ер адам жігітті соққыға жыққан. Оқиға орнында түсірілген видеоны жергілікті блогерге белгісіз қыз жіберген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан екі ер адамның жігітті ұрып-соғып, тепкілеп, үстіне секіріп жатқанын көруге болады. Бұл видеоны жергілікті блогерге бір қыз жіберген екен. 

Блогердің айтуынша, бұл жағдай “аю тұзағы” деп аталатын алаяқтық схемасына ұқсайды. Себебі, екі ер адам жігітті пәтерде жасөспірім қарындасымен бірге ұстап алып, бірден ақша талап еткен. Ақша беруден бас тартқан соң аямай ұрып-соғыпты. Алайда бұл жағдайға видеоны жіберген қыздың қатысы бар-жоғы белгісіз. Ол өзі үшін алаңдайтынын айтып, нақты мәлімет беруден бас тартқан екен. 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.