Сабақ үстінде мектептің төбесі опырылып түсті

1 604

Фото: Instagram / semey_city_Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағының бір бөлігі опырылып түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 30 сәуір күні сағат 10:20-да болған. 


“Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады білім бөлімі. 


Олар сылақ опырылған жерде жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді. 


Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған. 

 

: 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.