Амантай қажы даулы іс бойынша соттан құтылып кетті
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 83 жастағы Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол шілде айында қаладағы спорт кешендерінің бірінде әйелді баспалдақтан итеріп жібергені үшін айыпталған еді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, оқиға салдарынан жәбірленуші әйел жамбас сүйегін сындырып, ауыр жарақат алған. Бастапқыда іс қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру") тергеліп жатты. Алайда 23 қыркүйекте сотта айыптау қайта қаралып, іс 114-баптың 3-бөліміне ("Абайсызда ауыр зиян келтіру") ауыстырылды.
Амантай қажының өзі денсаулығына байланысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бірақ арнайы өтініш жазып, медиативтік келісімге келгенін, екі тараптың да ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан. Судьяның сөзінше, Амантай қажы моральдық және материалдық шығынды өтеген. Ал компенсация мөлшері жарияланбады.
Ал прокурор, айыпталушы және оның қорғаушысы Жанғазы Күнсеркин істі тоқтату туралы өтінішті қолдады.
Оның айтуынша, қылмыстық баптың ауыстырылуына оқиға орны әсер еткен.
Нәтижесінде судья кеңесу тараптардың татуласуы мен шығынның өтелуіне байланысты істі тоқтату туралы шешім шығарды.