Шенеунік мемлекеттің 23 пәтерін туыстарына арзан бағаға сатқан

551

Алматыда 23 мемлекеттік пәтерді туыстарына сатып жіберген шенеунікке сот үкім шығарды, - деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қала әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны" ЖШС директоры Руджан Байтасов  жалпы нарықтық құны 754 997 963 теңге болатын пәтерлерді төмендетілген бағамен  – бар болғаны 366 953 430 теңгеге сатқан.


Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 388 миллион теңгеден астам қаржыны құрады.


15 маусымда аудандық сот шенеунікті төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сотталған шенеунік мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 


"Байтасов Руджан Қайдарұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша Ұлттық Банкте және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері,қызметке, судьяларға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында,азаматтық қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – делінген үкімде.


Алайда жауапкер апелляциялық шағым түсірген. Іс Алматы қалалық сотына жіберілді. Жаңа сот отырысы 15 тамызға белгіленді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.