Қызылорда облысының тұрғыны тігін цехын ашты
Қызылорда облысының тұрғыны түйе жүнінен тігілетін көрпелерді брендке айналдырмақ,-деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Бүгінгі кезге дейін елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы кенжелеп қалды деген пікір қалыптасып келген болатын. Әйтсе де, қазіргі күні өндірістің бұл түрі еңсесін тіктей бастағанын көреміз. Кәне, ой таразысына салып көрейікші?! Айталық жеңіл өнеркәсіптің ең басты көрсеткіші – киім-кешек тігу ісін жолға қою үшін үлкен фабрика ашу міндеті бола қояр ма екен?! Әрине, тіпті де мұндай қажеттілік жоқ. Керісінше, бұл бағыт шағын жеке кәсіпкерлікті дамытуға өте ыңғайлы екені байқалады. Бір сүйсінерлік жағдай, Арал ауданының тұрғыны Индира Жайылғанқызы түйе жүнінен тігілген көрпелерді Қызылорда облысының танымал бренді етуге ниетті. Денсаулығына қарамастан, азаматша табысты бизнес жүргізуде. Тігін цехын ашып, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруда.
Аяқ ангиодисплазиясы диагнозы балалық шағында қойылған. Дәрігерлер қан тамырлары құрылымының сирек ауытқуын толық емдей алмады. Ауырған аяққа жүктемені азайту үшін мұғалім болып жұмыс істеген Индира Жайылғанқызы ұстаздықты қалдыруға тура келді. Тігінші болды. Қолөнерші мен оның көмекшілері сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие түйе жүнінен көрпе тігеді.
«Цехта 20 адам жұмыс істейді, негізінен физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар. Біздің цех кезең-кезеңімен кеңейіп келеді. Шығарылатын өнімнің ассортименті артып, лазерлік гравюра технологиясы енгізілуде. Түйе көрпелерін Арал ауданының танымал брендіне айналдыру жоспарда бар.», — дейді Индира.