Әкімдікке қарасты ұйым басшысы 7,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

1 579

Фото: видеодан скриншотПетропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.


Тергеу әлі де жалғасып жатыр.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.