Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, 6-қабаттан лақтырып жіберген

1 433
Түркістанда кәмелетке толмаған жас қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі өзінің Instagtam парақшасында жазған.


Оқиға 23 ақпан күні болған. Автордың жазуынша, Б. есімді бойжеткен 17 жастағы қызды Түркістанға шақырып, жақсы ақша табуға болатындығын айтқан. Алайда ұсынған жұмысы интимдік қызметпен байланысты болып шыққан. Тіпті клиент тауып, алдын ала ақысын алған.  

Клиент Риксос қонақ үйінен номер алады. Б. кәмелетке толмаған қызды сонда жібереді. Алайда мұндайды ешқашан көрмеген жас қыз қатты шошып, дүрбелең тудырады. Клиент қызметтен бас тартып, ақшасын кері қайтаруды талап етеді. Жас қыз Б-ға хабарласып, ақшаны кері аударуды сұрайды. Алайда, «жеңгетай» ақшаны аударудан бас тартып, клиенттің көңілін табуды талап етеді. Нәтижесінде номерде өзара дау шығып, клиент қызды сыртынан құлттап кетеді. Бір сағаттан кейін номерге бейтаныс үші әйел келіп, қызды ұрып-соғып, балконға қамап қояды. Жарты сағаттан кейін балконды қайта ашып, қыздың қолынан телефонын тартып алып, оны 6-қабаттан итеріп құлатып жібереді, - делінген жазбада.

Қонақ үйдің қызметкерлері оқиға орнына жедел-жәрдем мен полицияны шақырады. Абырой болғанда, кәмелетке толмаған қыз тірі қалды.

Автордың сөзінше, полиция әлгі үш әйелден жауап алған. Олар қыздың алкологольді ішімдіктен мас болып, ғимараттан өзі секіріп кеткенін айтқан. Бірақ сот медициналық сараптамасында қаннан алкоголь анықталмаған.

Аталмаған мәселеге қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті түсініктеме берді. Құқық қорғау органы болған жайтты «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеген екен.

23.02.23 ж.Түркістан қалалық полиция басқармасының 102 пультіне қонақ үй қызметкерлерінің бірінен, ғимараттың 6-қабатынан жас қыздың секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүргізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша тіркелді. Жас қыз Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында оқиғаның қатысушыларынан, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жан-жақты атқарылуда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.