17 жастағы баланың мәйіті табылды
Қарағанды облысы Шахтинск қаласында өрттен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты, тағы екі оқушыны күйік шалып, салдарынан олар ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт Молодёжная көшесіндегі гараждардың бірінде болған.
"Шатырдың ағашын, ескі заттар мен екі мотоциклді жалын тез шарпыған. Өрттің аумағы 20 шаршы метрге жетті", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар 2008 жылы туған жасөспірімнің сүйегін тапқан. Жедел жәрдем бригадасы 2008 және 2009 жылы туған тағы екі баланы ауруханаға жеткізді. Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірімдер гаражда бензин құйған болуы мүмкін. Бір сәтте тез тұтанғыш сұйықтықтың буы ашық от көзінен жалындаған. Мамандар өрт шығуына нақты не себеп болғанын анықтап жатыр".







