Ақмола облысында үй өртеніп үш адам тірідей жанып кетті

254

Өртеніп жатқан үйден жалғыз ер адам аман шықты. Ол оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырып, хабар берген, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Экспресс К  сайтына сілтеме жасап.


Төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер белгіленген мекен-жайға келгенде үй түгелдей отқа оранған. Құтқарушылар үйден үш адамның мәйітін тапты. Анықталғандай отбасылық мереке кезінде үйден өрт шығып, үй иесі мен тағы екі адам тірідей жанып кетті.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.