Елімізде орташа зейнетақы мөлшері қанша

407
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллионнан астам теңгеге зейнетақы төленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8  млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,7 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды.

"Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңгені құрады" делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.