Оқушылармен сөйлесу үшін әжетханаға апарған мұғалім жұмысынан қуылды
Семейде мектеп мұғалімі сабақ кезінде жетінші сыныптың екі оқушысын дәретханаға алып барған, бұл оқиға ата-аналардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 қазан күні №38 мектеп-лицейде болған. Оқиғаның егжей-тегжейін Абай облысының білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Белгілі болғандай, екі оқушы сабақ беруге кедергі келтіргендіктен, мұғалім оларды дәретханаға апарған. Мұғалім өзінің бұл әрекетін басқа сыныптарда сабақтар болғандықтан, дәлізде олармен сөйлесе алмағанымен түсіндірген. Дәретханада оқушылар әңгімені телефондағы диктофонға жаза бастаған. Бұған ашуланған мұғалім телефонды оқушының қолынан алып тастады. Мұғалім оқушыларға қатысты физикалық күш қолданбаса да, әдепсіз сөздерді айтпаса да, әңгімелесу орны мен жазбаны алып тастауы ата-аналардың алаңдаушылығын тудырды.
Сонымен қатар, мұғалім бұған дейін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жазаға тартылған. Сол себепті, бұл жолы оған қатысты қатаң шаралар қабылданды.