Күйеуіне жақсы жағдай жасау үшін пара бермек болған әйелге 3 млн теңге айыппұл салынды

484
Тергеу изоляторының бастығына ақша ұсынбақ болған әйел 3 миллион теңге айыппұл арқалады. 

Түзеу мекемесіндегі күйеуіне жақсы жағдай жасауын өтінген ол 1500 АҚШ долларын беруге тырысқан. Алайда мекеме басшысы ұсыныстан бас тартып, әйелді сол сәтте қолға түсіріпті.

Азаматтық некедегі жолдасына жақсылық жасамақ болған әйелге 3 миллион теңге айыппұл салынды. Ал келіншегі арқылы пара беруді ұсынған жазасын өтеуші енді абақтыда 11 емес, 13 жыл отырады. Сот оның жазасына тағы екі жыл қосып берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.