Павлодар облысында әкесі мен ұлы ауылдасын буындырып өлтірген

287

Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына Железинск ауданындағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс түскен. Іс материалдарына сәйкес, үш азамат ауылдасын буындырып өлтірген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: pixabay.com

Әкесі мен ұлы және тағы бір ауыл тұрғынына жанжал кезінде жерлестерін буындырып өлтірді деген айып тағылған. Төбелестен кейін 49 жастағы үй иесі марқұмның мойнына капрон жіп салып, буындыра бастаған. Жіп үзіліп кеткен соң, қонаққа келген ауыл тұрғыны оған металл арқан алып келген. Ал бұл кезде 29 жастағы ұлы марқұмды ұстап тұрған. 


Ер адам мерт болған соң үй иесі, ұлы мен ауылдасы мәйітті ауыл сыртына шығарып, орманда көміп тастаған. 

Егер сот отырысында күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 15-тен 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.