"Антикордың қызметкерімін" деп өтірік айтқан жігіт ұсталды

231

Азамат жол жүру ережесін бұзып, жауапкершілікке тартылмау үшін полицейлерге өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кейін белгілі болғандай бұл 1987 жылы туған Ұлан Рай есімді азамат болып шықты. Ол құжаттарды тексеру барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған куәлігін көрсеткен.


Қазір аталған азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасаған адам Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша жауапқа тартылатынына назар аударады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.