Әскерге борышын өтеуге кеткен 18 жастағы жігіт Нұр-Сұлтан ауруханасында көз жұмды

377

2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған әскери қызметкер Нұр-Сұлтандағы Бас әскери-клиникалық госпитальда қайтыс болды,- деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


"2021 жылғы 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде жіті аурудың асқынуынан 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматович қайтыс болды. 2021 жылдың 25 қарашасында мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жақ астының зақымдануы, дене температурасының көтерілуі, септикалық жағдайдың және инфекциялық-токсикалық шоктың даму белгілерімен түсті", – делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасап ведомствоның ресми хабарламасында.

Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды жасады делінген.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде,- деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерінің әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге шақырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.