Екібастұзда ер адам шалбарын шешіп, балаларды видеоға түсіріп тұрған (видео)

1 998

Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы "Жасыбай" спорт кешенінде өткен жарыс кезінде белгісіз ер адам шалбарын шешіп, балаларды видеоға түсіріп алған. Ол өзін журналистпін деп таныстырған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ер адамның спорттық жарыстағы оғаш қылығы туралы желіде хабарланды. 


Павлодар облысының полиция департаменті оқиғаны растап, ер адамның жеке басы анықталып, оның психикалық ауытқуы бар екенін жеткізді.


"Бұл дерек тіркелді, анықталған ер адам денсаулығына байланысты есепте тұрады", - делінген хабарламада. 
 

"Жасыбай" спорт кешені әкімшілігінің сөзінше, турнир ашық өткен. Сол себепті кез келген адам келіп жарысты тамашалай алады. Ер адамды сыртынан қарағанда денсаулығы нашар көрінбеген. 


"Спорт кешеніне кіре берісте ер адамнан психикалық ауытқудың сыртқы белгілері байқалмады. Ол сырттай ұқыпты, әрі сыпайы сөйледі. Залға кіргізуден бас тартуға ешқандай себеп болған жоқ", - деді спорт кешені әкімшілігі.


Оқиғадан кейін жаттықтырушылар ер адамды ғимараттан алып шығып, жарыстан шығуын өтінген. Ол өзін журналистпін деп таныстырып, олардан сұхбат алып жатқандай кейіп танытып, балалармен сөйлесуге тырысқан.


Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұл адамның балалармен байланысқа шығу әрекеті бірінші рет емес екенін хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.