Балабақшада жарқанаттар жүр

1 640

Фото: cntv.kzАтыраудағы №48 «Родничок» балабақшасында жарқанаттар жүр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы ата-аналар әлеуметтік желіге жариялап, наразылықтарын білдірген еді. Мән-жәйді анықтау үшін, Caspian news телеарнаның түсірілімдік тобы балабақшаға барған.


Атыраудағы балабақшаның директоры Лира Досалиева ғимарат өте ескі екенін, 40 жылға жуық уақытта жөндеу жүргізілмегенін айтты.


"Ата-аналардың шағымынан кейін қалалық білім бөліміне хат жолдадық. Дезинфекцияны конкурсты жеңген жеке компания жүргізеді. Өткен демалыс күндері олар жарқанаттар табылған жертөледе залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Содан кейін басқа бөлмелер өңделді. Дүйсенбі күні балабақша жабылды, біздің қызметкерлер бөлмелерді тазалады. Біз міндетті түрде дезинфекцияны күшейтеміз", – деді Лира Досалиева.


Мамандардың мәліметінше, Атырауда жарқанаттың екі түрі кездеседі. Бірі үнемі өзге жаққа қоныс аударып, кейін қайта оралуды тіршілік дағдысына айналдырса, екіншісі бір мекенде тұрақтап қалады екен. Осы орайда, терологтар жарқанаттардан ешқандай зиян келмейтінін айтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.