2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшері өседі

1 282

Фото: Нұрболат НұржаубайЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2025 жылы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы" Үкімет қаулысын дайындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 6,5 пайызға артады.


Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.


Құжат 19 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" сайтында орналастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.