Гүл ұрлап аты шыққан экс-полицейдің басы тағы да дауға қалды

1 612

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Шымкенттегі дәмханалардың бірінде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Телефонын мас ер адамнан ала алмайтынын түсінген әйел жанындағылардан көмек сұрайды. Сөз арасында сыра ішіп отырған ер адамның былтыр 8 мамырда гүл сататын дүкеннен гүл ұрлаған экс-полицей екені белгілі болды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйелдің телефонын сұрап, жалынып жатқанын көруге болады.


Жәбірленуші оқиға куәгерлерінің көмегімен телефонын қайтарып алды. Алайда, дөрекелігімен қоғамда дүрбелең туғызып жүрген экс-полицей бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.

Ер адамдардың әйелге араша түсіп, телефонын қайтарып беруін талап еткеніне қарамастан, ол өзінде ешқандай телефон жоқ екенін айтып, жанына ешкімді жолатпай қойды. Көмекке келгендердің бірі ер адамның қолдандағы телефонды алып беріп еді, әйел бұл өзінің телефоны емес екенін, оны ер адам жасырып отырғанын айтты.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.